Бүгін футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінің ақтық ойынын өткізеді, деп жазады Prosports.kz.

Біздің команда Израиль құрамасымен тағы бір кездесу өткізеді.

Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 18:00-де басталады. QazSport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетейік, 9 сәуірде Қазақстан құрамасы Израильді 4:1 есебімен жеңді. Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы топта бірінші орын алып, Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды.