«Тараздың» бас бапкері Вардан Минасян «Шахтермен» өткен ойын туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.- Жеңіс құтты болсын! Ойын көңілден шыққан шығар?- Бірінші голға дейін ойын тең өрбіді. Командалар бірін бірі аңдып жатты. Бірақ біздің екі голымыз командаға сенімділік берді. Екінші тайм да тең дәрежеде басталды. Үшінші гол соғылған соң көп нәрсе түсінікті болды. Ойынға көңіл толады деуге болады. Бірақ жұмыс істейтін, әлі де күшейтетін тұстар бар.- Ойын нәтижесіне қарамастан, кездесу тартысқа толы болды...- Мен жігіттерді өте қиын кездесу болатыны туралы ескерттім. «Шахтер» - физикалық тұрғыда мықты, жеңіл жүгіре білетін команда. Алаңның жекелеген тұстарында күрес көп болды. Бірінші таймда қорғаныста қиындықтар болғанымен, кейіннен бәрі өз орнына келді. Біз қарсылас ойын мәнерін зерттеп көрдік. Біз күткендей алаңда ойын өрбіді.- Командадағы ойыншылар алмастырылуы жарақатқа байланысты болды ма? Жарақаты қаншалықты ауыр?- Мақсат Әмірхановтың алмасуы жарақат алып қалуына байланысты болды. Қаншалықты ауыр екенін дәрігерлер анықтайды. Ал өз ойыншылардың алмасуы тактикалық тұрғыда болды.