«Шахтер» қызметінен кеткен бас бапкер Әли Әлиевтің орнына Андрей Финонченко келгінен хабарлады.

«4-турда «Таразға» қарсы өткен матчтан соң Әли Әлиев өз еркімен орнын босатуын сұрады. Біз оның шешімін құптадық.

Енді команданың бас бапкері қызметін атқарушы Андрей Финонченко болады», - делінген ресми мәлімдемеде.

Еске салайық, «Шахтер» чемпионаттың алғашқы төрт турынан кейін бір матчта жеңіп, үшеуінде жеңілген. Бірақ стадион дайын болмауына байланысты қарағандылық клуб үш ұпайынан уақытша айырылған, сондықтан команда нөл ұпаймен соңғы орында тұр.