10 сәуірде Талдықорған, Алматы және Нұр-Сұлтанда футболдан Қазақстан чемпионатының 4-турының үш матчы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын күнінің бағдарламасы Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-де Талдықорғандағы матчпен ашылады, онда жергілікті «Жетісу» мен Қостанайдың «Тобылы» кездеседі. «Жетісу» алдыңғы үш ойынның екеуінде жеңіліп, 12-орынға жайғасқан. Қостанай клубы 5-ші сатыда.

Қазақстан астанасы уақытымен 17:00-де «Қайрат» пен «Тұран» арасындағы кездесу басталады. Ойын Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.

Елорда уақытымен 19:00-де «Астана» өз алаңында «Атырау» қабылдайды. Елордалық клуб турнир кестесінде әлі бесінші орында, мұнайшылар 13-орында.