COVID-19 пандемиясы тағы бір бейнеойынның шегерілуіне әкеліп соқты. Arcane Lyon қашықтан жұмыс істеуге мәжбүр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Deathloop - уақыт ілмегіне түсіп, бір күнді басынан өткере беретін адам туралы шутер. Енді ең бастысы - ойынның өзі уақыт ілмегіне түспесе болды! Arkane Lyon мен Bethesda Softworks экшн-фильм 2020 жылдың 21 мамырына дейтін дайын болмайтынын хабарлаған. Енді 2021 жылдың 14 қыркүйегіне кешігеді.

Оның себебі мынада — Arkane қашықтан жұмыс істеп жатыр, сондықтан ойынды өндіруге жоспардан көп уақыт керек болады.

Еске салайық, Deathloop PlayStation 5-тің эксклюзиві болады.