«Атырау» жартылай қорғаушы Жаслан Қайыркеновті маусымның соңына дейін жалға алды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жас жартылай қорғаушы - Павлодар футбол мектебінің түлегі. 2016 жылдан 2019 жылға дейін ол «Астананың» жүйесінде болды, «Астана-U21» және «Астана Жас» командаларында ойнады.

Естеріңізге сала кетейік, Қайыркенов былтыр «Атырау» сапында ойнап, 12 ойында 3 гол соқты.