«Бавария» - ПСЖ матчында париждіктердің шабуылшысы Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасының рекордын жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz УЕФА Твиттер-парақшасына сілтеме жасап.

Француз тарихта Чемпиондар лигасының бір маусымында 1/8 және 1/4 финалдағы сырт алаңдағы ойындарда 5 гол соққан алғашқы ойыншы атанды.

Еске салайық, Чемпиондар лигасы 1/4 финалың алғашқы матчында «Бавария» өз алаңында «Пари Сен-Жерменнен» 2:3 есебімен жеңілген еді. Мбаппе бұл ойында дубль жасаған.