«Ақжайықтың» бас бапкері Владимир Мазяр «Ордабасыға» қарсы матчтағы төрешілердің жұмысына көңілі толмайтынын жеткізді.

- Біз қарсыласымыздың қарымын жақсы білдік. Бірақ жігіттер жігерлік танытып, өз ойынын көрсетті.

Төрешілердің жұмысы жайлы ештеңе айтқым келмейді. Құзырлы органдар бар. Федерация бағасын берсін, ал біз алдағы маңызды матчқа дайындаламыз», – деді Мазяр.

Айта кетейік, «Ақжайық» «Ордабасыдан» 2:1 есебімен жеңіліс тапты.