Мадридтік «Реалдың» қорғаушысы Рафаэль Варан коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Енді ол Чемпиондар лигасының ширек финалындағы «Ливерпульге» қарсы ойында алаңға шыға алмайды.

Еске салайық, жарақатына байланысты «Реалдың» тағы бір жетекші қорғаушысы Серхио Рамос «Ливерпульмен» матчқа қатыспайды.

«Реал Мадрид» - «Ливерпуль» арасындағы 1/4 финалдың бірінші ойыны бүгін Испанияда өтеді. «Сантьяго Бернабеу» стадионындағы кездесу елорда уақыты бойынша түнгі сағат 01:00-де басталады.