Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында Қазақстан командасының үздігі Елдос Сметов жергілікті балуаннан ұтылып қалды деп хабарлайды ҰОК сайты.

60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Сметов ширек финалда қырғызстандық Әлібек Қуанышбекұлынан "иппон" және "ваззари" ұпайларымен жеңілді. Енді Елдос жұбаныш белдесуінде австралиялық Джошуа Кэтцпен кездеседі.

Өз кезегінде Кэтц тағы бір қазақстандық балуан Ғұсман Қырғызбаевты жарыс жолынан шығарған болатын.