Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Чарлстонда өткен Volvo Cars Open WTA турнирінің бірінші айналымындағы тосқауылдан сүрінбей өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандықтың қарсыласы Ресей өкілі Наталья Вихлянцева болды. 1 сағат 15 минутқа созылған кездесу 3:6, 1:6 есебімен Диястың пайдасына аяқталды.

Кездесу барысында Зарина үш рет доп беру кезінде қателесті.