«Алтай» футбол клубының бұрынғы қақпашысы Әнуар Сапарғалиев мансабын «Ақсуда» жалғастырады.

Отандық басылымдардың хабарлауынша, 22 жастағы ойыншы Павлодар облысының клубында қаралымнан өтіп жүр.

Өскемен футболының түлегі Сапарғалиев «Алтай» сапында 2017 жылдан бері өнер көрсетті. Жалпы, 61 матчқа қатысып, қақпасына 46 гол жіберіп алды.