Қазақстандық файтер Руслан Серікпұлов (14-11) келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

31 жастағы файтер 11 сәуірде өтетін OCTAGON 18 турнирінде өнер көрсетеді. Қарсыласы қырғызстандық Нұржігіт Откулбеков (2-0) болады. Үшраундтық кездесу жартылай жеңіл салмақта (65,8 кг) өтеді.

Бұл турнирде Дамир Төленов, Ілияс Елеусінов, Уайс Мерей, Бақтияр Мұхамедияров, Мәжит Сардаров пен Алтынбек Жүнісов те жекпе-жекке шығады.