Қазақстан уақытымен 3 сәуір күні таңертең Хабиб Нурмагомедовтың інісі Усман Нурмагомедов Bellator промоушенінде алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Анкасвиллде (Коннектикут, АҚШ) өткен Bellator 255 турнирінің басты кардында Усман америкалық Майк Гамельді төрешілер шешімімен жеңді - 29:28, 30:27, 30:27.

Төменде біз Усман Нурмагомедовтың жекпе-жегі мен турнирден кейінгі баспасөз конференциясының видеосын ұсынамыз.