Португалиялық футболшы Криштиану Роналду әлем чемпионатында Сербияға қарсы матчында жанкүйерлерге лақтырған капитандық белгісі аукционда сатылды.

Лот 63 мың еуроға сатылды. Оны Mozzart Bet букмекерлік кеңсені сатып алды.

Жиналған қаржы сербиялық 6 айлық нәрестенің еміне жұмсалады.