«Астана» командасы биыл «Крылья Советов» сапына қосылған Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетовты сапына қосты.

25 жастағы футболшы биыл Ресейдің екінші дивизионында бақ сынайтын «Крылья Советов» командасына ауысқан. Алайда маусым басталғалы бірде-бір мәрте алаңға шықпады.

Абат Айымбетов жыл соңына дейін елордалық командада жалда ойнайды.