Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ дәрежесіндегі рейтингісін жаңартты, деп жазады Prosports.kz.

Жан Кособуцкий, 14

32 жастағы Жан Кособуцкий (15-0, 14КО) аса ауыр салмақта 14-орында тұр. Ол ақпан айында нигериялық Онориоде Эвариемені жеңіп, WBA International белбеуіне ие болды.

Бұл салмақта британиялық Энтони Джошуа WBA титулының иегері. Уақытша чемпион атағы америкалық Тревор Брайанның еншісінде.

Серік Мұсәділов, 14

Бірінші ауыр салмақтағы Серік Мұсәділов (8-0, 8КО) те 14-орынға жайғасқан. Ол соңғы жекпе-жегін былтыр қараша айында өткізді. Флоридада өткен бокс кешінде Серік мексикалық Даниэль Нахераны бірінші раундтың 43-секундында нокаутқа жіберді.

Бұл салмақта WBA Super титулы франциялық Арсен Гуламирянға, уақытша белбеу бельгиялық Рияд Мерхиге тиесілі.

Undefeated Kazakh cruiserweight Serik "The Panda" Musadilov (8-0, 8 KO's) rolls on with a quick TKO-1 victory over Daniel Najera (9-6) at 0:43 of the very first round in Hialeah, FloridaM&R Promotions pic.twitter.com/WmU4Z2Gt50

— Tim - Boxeo 拳闘 Boxen бокс มวย Boks 拳击 Box (@TimBoxeo) November 21, 2020

Айдос Ербосынұлы, 1

Супер орта салмақта жерлесіміз Айдос Ербосынұлы (15-0, 10КО) бірінші орында тұр. Ербосынұлы 17 сәуірде Германияның Карлсруэ қаласында ресейлік Евгений Шведенкомен (15-0, 6КО) жұдырықтасады. Жеңімпаз америкалық Калеб Плантқа (21-0, 12КО) тиесілі IBF белбеуіне міндетті үміткер болады.

Бұл салмақтағы уақытша чемпионның белбеуі кубалық кіші Дэвид Моррельге тиесілі. Ал супер чемпион - мексикалық Сауль Альварес.

Садриддин Ахмедов, 15

Садриддин Ахмедов (12-0, 10КО) бірінші орта салмақта 15-орында тұр. Ол биыл қаңтарда Мексикада он раундтық жекпе-жекте голландиялық Стивен Даньоны төрешілер шешімімен жеңіп, WBA Continental, NABF және WBC Francophone белбеулерінің иегері атанды.

Бұл салмақта чемпион америкалық Джермелл Чарло. Уақытша белбеу кубалық Эрисланди Лараға тиесілі.

Батыр Жүкембаев, 13

Бірінші жартылай орта салмақтағы рейтингте Батыр Жүкембаев (18-0, 14КО) 13-орынға көтерілді. WBA Continental Americas және IBF Inter-Continental белбеулерінің иегері Батыр биыл қаңтарда мексикалық Рикардо Лараны екінші раундта нокаутпен жеңді.

Бұл салмақта Ұлыбритания боксшысы Джош Тейлор супер чемпион, ал уақытша белбеу америкалық Марио Барриосқа тиесілі.

Евгений Павлов, 11

Евгений Павлов (3-0, 2КО) екінші жеңіл салмақта 12-орыннан бір саты жоғарылап, 11-қатарға жайғасты.

Бұл салмақтың чемпионы - өзбек Муроджон Ахмадалиев. Уақытша чемпиондық белбеу америкалық Брэндон Фигуераға тиесілі.