Қазақстандық файтер Сергей Морозов UFC-дегі кезекті жекпе-жегін қашан өткізетінін мәлімдеді.

Спортшыдан Instagram-парақшасында Naiza FC ұйымының басшысы Нұрбек Қарабала қашан жекпе-жек өткізетінін сұраған. Оған файтер жазда октагонға ораламын деп жауап қатты.

Айта кетейік, Морозов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін биыл қаңтарда өткізді. Онда жерлесіміз ресейлік файтер Умар Нурмагомедовтен жеңіліп қалды.