Қазақстан құрамасы Украинамен тең түскеннен соң Еуропа аймағындағы 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі рейтингінде өз орнын жақсартты.

Тізімде алты орынға көтерілген Қазақстан құрамасы Босния мен Герцеговинаны басып озып, 6.45 коэффициентімен рейтингте 38-сатыға жайғасты.

Рейтингте ағылшын құрамасын бірінші орыннан ығыстырған Дания құрамасы көш бастап тұр.