Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Люксембург (3:1) қақпасына гол соқты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Sports.ru мәліметінше, бұл Роналдудың ұлттық құрама сапында 2021 жылы соққан алғашқы голы. Осылайша, Роналду Португалия құрамасы сапында қатарынан 18 жыл бойы гол соғып келеді.

Ол алғашқы голын 2004 жылы салған. Бүгінге дейін Роналду құрама сапында 103 гол соққан. Құрама деңгейінде ол тек Иран құрамасының экс-форварды Али Даеиден (109 гол) қалып тұр.