Украина құрамасы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін Қазақстанға қарсы матчқа құрамын жариялады.

Матч 31 наурызда өтеді. Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Қақпашылар: Андрей Пятов, Анатолий Трубин (екеуі де — «Шахтер» Донецк), Георгий Бущан («Динамо» Киев), Дмитрий Резник («Ворскла»), Андрей Лунин («Реал» Мадрид).

Қорғаушылар: Илья Забарный, Александр Сирота, Александр Тимчик, Александр Караваев (бәрі — «Динамо» Киев), Ефим Конопля («Десна»), Сергей Кривцов, Николай Матвиенко (екеуі де — «Шахтер» Донецк), Эдуард Соболь («Брюгге»), Богдан Михайличенко («Андерлехт»).

Жартылай қорғаушылар: Александр Зинченко («Манчестер Сити»), Евгений Макаренко («Кортрейк»), Марлос, Евгений Коноплянка (екеуі де — «Шахтер» Донецк), Владимир Шепелев, Сергей Сидорчук, Николай Шапаренко (бәрі — «Динамо» Киев) Александр Зубков («Ференцварош»), Руслан Малиновский, Виктор Коваленко («Аталанта»).

Шабуылшылар: Роман Яремчук («Гент»), Артем Довбик («Днепр-1»), Жуниор Мораес («Шахтер» Донецк).