Тимофей Скатов Испанияның Марбелья қаласында өтіп жатқан Челленджер турнирінде іріктеу кезеңінің финалына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Іріктеу жеребесінің жартылай финалында қазақстандық теннисші германиялық Лукас Герхті екі сетте жеңді - 7:5, 7:5.

Матч 1 сағат 57 минутқа созылды.

Тимофей Скатов негізгі кезеңге жету үшін испан Николас Санче-Искердомен күш сынасады.