Ресейлік Eurostavka.ru порталының мәліметінше, Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов құрама сапына жарақатсыз аттанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қазақстандық тараптың айыбы дәлелсіз. Зайнутдинов Қазақстан құрамасына кеткенде денсаулығында кінәрат болмады. Жартылай қорғаушының ескі жарақаты ұлттық команда сапында қайта басталды. Бұл жасанды алаңға байланысты болуы мүмкін», – делінген хабарламада.

Бұған дейін Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов Бахтиер Зайнутдиновтің құрамаға жарақатпен келгенін айтқан еді.