Футзалдан Қазақстан чемпионаты плей-офф кезеңінің ширек финалында «Қайрат» пен «Оқжетпес» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қос команда арасындағы екінші ойында алматылық клуб 11:0 есебімен жеңіске жетті.

Кеше өткен алғашқы ойында «Қайрат» қарсыласын 6:0 есебімен жеңген.

Осылайша, «Қайрат» алғаш болып жартылай финалға жолдама алды.

«Қайрат» – «Оқжетпес» – 11:0 (сериядағы есеп – 0:2)

Гол соққандар: Умберто (2), Акбаликов (3), Тұрсағұлов, Диего (2), Эдсон (3).