Бүгін Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңін бастайды, деп жазады Prosports.kz.

Талғат Байсуфинов шәкірттері қазіргі әлем чемпионы Франция құрамасымен кездеседі.

Француздар бұған дейін іріктеу турнирінің 1 турында Украина құрамасына қарсы ойнаған. Матч 2:2 есебімен тең аяқталды. Ал Қазақстан құрамасы іріктеу турниріндегі алғашқы матчын өткізеді.

Қазақстан - Франция матчы бүгін «Астана Аренада» өтеді. D тобындағы кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 19:00-де басталады. Ойынды тікелей эфирде QazSport телеарнасы көрсетеді.

Франция қайда, біз қайда... Әлем чемпиондарына қарсы мүмкіндік бар ма?