«Болонья» мен Польша құрамасының қақпашысы Лукаш Скорупски коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Чемпионатқа» сілтеме жасап.

Футболшыда 25 наурызда вирус симптомдары байқала бастаған. Скорупскидің сынағы оң нәтиже көрсетіп, қақпашы командадан оқшауланды. Бұған дейін Польша құрамасының жартылай қорғаушысы Матеуш Клихтан да COVID-19 табылған.

Еске салайық, 28 наурызда Польша құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Андоррамен кездеседі.