Жеңіл салмақта UFC экс-чемпионы Хабиб Нурмагомедов толығымен бапкерлік қызметке ауыспайтынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Чемпионатқа» сілтеме жасап.

Ресейліктің айтуынша, бұл қызметте бұрынғысынша Хавьер Мендес атқара береді.

«Жоқ, өзімді бапкермін деп ойламаймын. Біздің бас бапкеріміз бар — Хавьер Мендес. Мен тек оған көмектесемін. Мұнда келген кезде бауырларыма, басқа да көптеген жігітке көмектесемін. Бірге жаттығамыз. Көмектескім келеді», - деді Хабиб.