Бүгін Нұр-Сұлтанда футзалдан Қазақстан чемпионаты плей-офф кезеңінің 1/4 финалдық матчтары басталады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ширек финал бір команда екі рет жеңіске жеткенге дейін жалғасады. Чемпионатта бірінші орын алған команда соңғысымен, екінші - жетінші, үшінші - алтыншы, төртінші - бесінші командамен кездеседі.

Одан кейін жартылай финал және финалдық кезең өтеді. Ал кезеңдерде жеңімпаз бір команда үш жеңіске жеткенде анықталады.

Алғашқы ойын күні келесі кездесулер өтеді (Нұр-Сұлтан уақытымен):

11.00. «Қайрат» (Алматы) – «Оқжетпес» (Көкшетау)

14.00. «Каспий» (Ақтау) – «Ақтөбе»

17.00. «Байтерек» (Орал) – «Атырау»

20.00 «Нұр-Сұлтан» – «Аят» (Рудный).

«Нұр-Сұлтан» - «Аят» ойынынан басқа барлық матчты Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Эфирді сілтемеден көруге болады. «Нұр-Сұлтан» - «Аят» матчы qazsporttv.kz сайтында көрсетіледі.

Асқар Әбілдаев: Барлық матч аса тартысты өтті

Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңі қалай өтеді«Футзал - ұмытылмас эмоция сыйлайтын спорт»