Франция құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу сатысындағы Қазақстанмен кездесуіне қатысатын ойыншылар тізімін жариялады.

Франция құрамасының толық тізімі:

Қақпашылар: Майк Меньян («Лилль»), Уго Льорис («Тоттенхэм»), Стив Манданда («Марсель»), Альфонс Ареоля («Фулхэм»).

Қорғаушылар: Ферлан Менди («Реал»), Люка Динь («Эвертон»), Преснель Кимпембе (ПСЖ), Лео Дюбуа («Лион»), Клеман Лангле («Барселона»), Люка Эрнандес («Бавария»), Курт Зума («Челси»), Рафаэль Варан («Реал»), Бенжамен Павар («Бавария»).

Жартылай қорғаушылар: Поль Погба («Манчестер Юнайтед»), Усман Дембеле («Барселона»), Адриен Рабьо («Ювентус»), Мусса Сиссоко («Тоттенхэм»), Тома Лемар («Атлетико»), Танги Ндомбеле («Тоттенхэм»), Кингсли Коман («Бавария»).

Шабуылшылар: Килиан Мбаппе (ПСЖ), Антуан Гризманн («Барселона»), Оливье Жиру («Челси»), Антони Марсьяль («Манчестер Юнайтед»), Виссам Бен-Йеддер («Монако»).

Қазақстан – Франция матчы 28 наурызда 19:00-де басталады.