2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан - Франция матчында беларусьтік төрешілер қазылық етеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі kff.kz сайтына сілтеме жасап.
Бас төреші Алексей Кульбаков болады. Оған Дмитрий Жук пен Олег Маслянко көмектеседі. Қосалқы төреші – Виктор Шимусик. Төрт төреші де Беларусьтен.

Еске салайық, Қазақстан - Франция матчы 28 наурызда Нұр-Сұлтанда өтеді. Басталуы - 19:00-де.