Қазақстандықтар Александр Недовесов пен Андрей Голубев жұптық сында Хорватиядағы Задар челленджер турнирінің жартылай финалына шықты.

Қазақстандық жұп ширек финалда босниялық Томислав Бркич - хорватиялық Нино Сердарушичпен кездесті. Бірінші партияда босниялық-хорватиялық жұп айқын басымдылық көрсетті - 6:1.

Екіншісінде қазақстандықтар 6:2 есебімен есе қайырып, тай-брейкте жеңісте жұлып алды - 12:10. Бәсеке 1 сағат 11 минутқа созылды.

А.Недовесов пен А.Голубев финалға шығу үшін словакиялықтар Лукаш Клейн - Алекс Молчанмен таласады.