Этникалық қазақ Дамир Исмагулов UFC 262 турнирінде жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

16 мамырда АҚШ-та өтетін аралас жекпе-жек кешінде Дамир Исмагулов кезекті айқасына шығады. Әзірге қарсыласы белгісіз.

Күні кеше Дамир Исмагулов UFC-мен жаңа келісімшарт жасасты. Ресейлік файтердің UFC-мен жаңа келісімшарты 4 жекпе-жекке есептелген.

Айта кетейік, Исмагулов UFC-дегі дебютін 2018 жылы желтоқсанда өткізді. Содан бері америкалық промоушен туы астында үш жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. Бірақ 2019 жылы Тиаго Мойзеті жеңгеннен бері жарақатына байланысты октагонға шыққан жоқ.