Шымкентте әйгілі палуан, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай қазақ күресінен «Өнер барысы» жобасы өтті.

Іс-шара Қазақстанның Qazaq kuresi ассоциациясының қолдауымен өткізіліп отыр. Жобаға өнерде жүрген, сайдың тасындай іріктелінген 20 палуан қатысты. 74 килода бірінші орынды актер Асылхан Төлепов иеленсе, 82 килода Арман Қоңыр үздік атанды. Ал 90 килода актер Еркебұлан Дайыров мықтылығын танытса, 90 килодан жоғары салмақта Тәуекел Мүсілім бірінші орынды жеңіп алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар атынан ақшалай жүлде мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

74 кг1. Асылхан Төлепов2. Азимжан Сайдбаев3. Ақболат Өтебай4. Нұрым Досбол82 кг1. Арман Қоңыр2. Аян Өтепберген3. Бейбіт Көшқалиев4. Асылхан Дүкенбаев5. Марат Сәрсенбаев6. Нұрсұлтан Үсенов7. Мейірхан Шернияз8. Данияр Бекжан

90 кг1. Еркебұлан Дайыров2. Мейіржан Төребаев3. Шаһаризат Сейдахмет4. Ұлан Мамырбекұлы

+90 кг1. Тәуекел Мүсілім2. Сырымбет Бибосын3. Ақылбек Іскендір4. Жасұлан Айтен