Орта салмақтағы WBC чемпионы америкалық Джермалл Чарло Last Stand подкастында өзінің командасы IBF титулының иегері қазақстандық Геннадий Головкиннің командасымен келіссөз жүргізіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ия, біз Геннадий Головкинмен жекпе-жек ұйымдастыруға тырысамыз. Мен мұны бірінші рет сізге айтып отырмыг. Біз қазір жұмыс істеп жатырмыз. Кем дегенде, бұл Канеломен жекпе-жектен гөрі ықтимал», - деді Джермалл Чарло.

Еске салайық, Геннадий Головкин рингке мамыр немесе маусымда оралуды жоспарлап отыр. Қазақстандық былтыр желтоқсанда поляк Камил Шереметуды сенімді түрде жеңген еді.