24 наурызда Нұр-Сұлтанда әуесқой командалар арасындағы футзалдан 5-ші Қазақстан чемпионатының жартылай финалдық кездесулері өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қарағандылық «Биосфера» мен Алматының «Kaisar Plaza» командалары турнир жеңімпазы атағы үшін таласады.

Футзалдан әуесқойлар арасындағы 5-ші Қазақстан чемпионатының ақтық кездесуін тікелей эфирі елорда уақытымен 12:40-та басталады.