Туриндік клуб Криштиану Роналдуды сатуды шешті.

AS басылымының мәліметінше «Ювентус» 36 жастағы футболшы үшін 25 миллион еуро сұрайды.

Португалиялық футболшының «Ювентуста» қалуы клуб үшін бір маусымда 87 миллион еуроға түседі. Сондықтан, Италия чемпиондары жазда өзге клубтардан ұсыныс күтеді.