21 наурызда футзалдан Қазақстан чемпионатының тұрақты маусымы аяқталды, деп жазады Prosports.kz.
Соңғы турда «Нұр-Сұлтанды» 9:0 есебімен ойсырата ұтқан «Қайрат» қарсыластарынан оқ бойы озып, тұрақты маусымның жеңімпазы атанды. Енді ел чемпионатына қатысуы сегіз команда плей-офф кезеңінде бақ сынайды.
Назарларыңызға ел чемпионатының төрт айналымнан тұратын тұрақты маусымындағы үздік сұрмергендер тізімін ұсынамыз.
30 – Эдсон («Қайрат»)
28 – Валиуллин («Аят»)
27 – Фернандиньо («Қайрат»)
24 – Эвертон («Атырау»)
23 – Эрик Данило («Атырау»)
21 – Акбаликов («Қайрат»), Витао («Ақтөбе»), Демешов («Оқжетпес»)
19 – Дуглас («Қайрат»)
18 – Сағындыков, Луан Марсело (екеуі де - «Аят»), Кнауб («Жетісу» -14, «Ақтөбе»-4), Део («Ақтөбе»)
17 – Двирный («Бәйтерек»), Тайкенов («Оқжетпес»)
15 – Дәулетов («Ақтөбе»).
Комментарии