Бокстан жартылай ауыр салмақтағы қазіргі WBC және IBF чемпионы ресейлік Артур Бетербиев WBA белбеуінің иегері жерлесі Дмитрий Биволмен рингке шығуы мүмкін. Бұл туралы Бетербиевтің жаттықтырушысы Марк Рэмси айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бапкердің айтуынша, егер Бивол 1 мамырда Крейг Ричардсты жеңсе, біріктіру жекпе-жегі өтуі мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, 20 наурызда Артур Бетербиев неміс Адам Дайнесті жеңген болатын. Ресейлік 10-шы раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.