WorldBoxingNews.net сайты ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшылар Жан Кособуцкий мен Иван Дычконы бағалады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шетелдік порталдың пікірінше, қазақстандық боксшылар ауыр салмақта жұлдыз атануы мүмкін.

«Суперауыр дивизионда Қазақстанның Жан Кособуцкий мен Иван Дычко секілді екі боксшысы бар, екеуінің соққысы ауыр және олар жанкүйерлерді одан әрі қызықтырып жүр. Көптеген адам бұл елді ауыр салмақты билейді деп санайды. Қазіргі уақытта Қазақстанда жеті супер ауыр салмақ өкілі тіркелген. Олардың қатарында Руслан Мырсатаев, Данил Семенов және Нұрсұлтан Аманжолов бар, жетеуі де әлі жеңілген жоқ», - делінген WBN хабарламасында.