Қазақстандық OCTAGON промоутері келесі турнир өтетін күнді жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сонымен, келесі айтулы шара 7 сәуірде көрерменсіз өтеді. Қазіргі уақытта алдағы турнирдің карды әлі белгісіз және ол жақын арада жарияланады.

Промоушен соңғы турнирін 17 наурызда өткізген еді. Кештің басты жекпе-жегінде Карим Рузбакиев (6-0) төртінші раундта Айболат Мұратұлын (2-3) нокаутқа жіберіп, жартылай ауыр салмақ дәрежесінде (93 кг) титулға қол жеткізді.

Кештің екінші маңызды жекпе-жегінде қазақстандық файтер Ұлан Тамғабаев (7-5) бірінші раундта өзбекстандық Абдул-Азиз Сотволдиевті қылқындыру әдісімен жеңді.