Биыл Екінші лигада бақ сынайтын «SD Family» клубының басшысы Дидар Сыдықбек Қазақстан құрамасы мен «Астананың» бұрынғы ойыншысы Бауыржан Жолшиевті командасына шақырды.

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Бауыржан Жолшиев бүгін «SD Family» командасының сапына қосылады. Бұл туралы Дидар Сыдықбек өзінің Instagram-парақшасында мәлімдеді.

Айта кетейік, Бауыржан Жолшиев соңғы рет жасыл алаңға 2015 жылы шыққан. Ол УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі «Галатасарайға» қарсы матчтан соң футболдан қол үзіп қалды.