Қазақстанның үш өкілі Стамбулда (Түркия) өтіп Халықаралық Ыстамбұл Босфор бокс турнирінде финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz .

Олар жартылай финалдық жекпе-жектерінде жеңіске жетті: Дархан Дүйсебай (69 келі) түрік боксшысы Нечат Экичиден, Абзал Құттыбеков (91 келі) Түркияның басқа өкілі Ильяс Мучахиттен, ал Сағындық Тоғамбай (91 келі) украиналық Сергей Горшковтан басым түсті.

Турнирде тағы үш қазақстандық боксшы өз өнерін аяқтады: Дамир Әбдіқадыр (52 кг), Болат Ерсұлтан (63 кг) және Аятолла Тәкіжанов (75 кг) қола жүлдегер атанды.