Дортмундық «Боруссия» франциялық «Пари Сен-Жермен» түлегі Сумаила Кулибалимен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

17 жастағы орталық қорғаушы командаға келесі маусымның басында қосылады. Қазір ол жарақатынан айығып жатыр.

Сумаила кәсіпқой деңгейде әлі дебютін өткізбеген, бірақ соңғы айларда «ПСЖ-ның» негізгі құрамымен жаттыққан болатын.