«Астана» - «Каспий» матчы көрерменсіз өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz елордалық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда коронавирус індеті өршіп тұр. Қала «қызыл аймақта» болғандықтан, адамдардың жаппай жиналуына тыйым салынады.

Осылайша, Қазақстан Чемпионатының 2-турының матчы көрерменсіз өтеді.

Еске салайық, матч Qazsport телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Ойын 18:00-де басталады.