Еуропа лигасының барлық ширек финалистері белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің 1/8 финалынан «Вильярреал», «Аякс», «Манчестер Юнайтед», прагалақы «Славия», Арсенал», «Рома», загребтік «Динамо» және «Гранада» өтті.

Турнирдің ширек және жартылай финалына жеребе тарту рәсімі 19 наурызда Швейцарияның Ньон қаласындағы УЕФА-ның штаб-пәтерінде өтеді. Бірінші ширек финалдық кездесулер 8 сәуірде өтеді. Қарымта кездесулер 15 сәуірге жоспарланған.

Турнирдің қазіргі жеңімпазы - «Севилья» командасы.