Ресейдің Красноярск қаласында шаңғы акробатикасынан әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Әлем біріншілігі аясында ұлдар арасында жекелей сайыстар бойынша жеңімпаздар анықталды. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық Роман Иванов финалдық кезеңде бесінші орыннан көрінді.

Іріктеу кезеңінде Иванов төртінші орынға жайғасқан болатын. Тағы бір қазақстандық акробат Шерзод Хаширбаев іріктеу кезеңінде оныншы орынға тұрақтады.