Бірінші лигаға түсіп қалған «Оқжетпесте» үлкен қаржылық проблемалар бар. Алдыңғы басшылық клубқа қарыздар қалдырған, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жалақыларын ала алмаған футболшылар ҚФФ-дан көмек сұрады. Даулы мәселелерді шешу палатасы ойыншыларды қолдап отыр. Қазіргі уақытта ҚФФ тоғыз ойыншыға қатысты шешімді мақұлдады: Алексей Гаврилович, Милан Стоянович, Тарас Бондаренко, Дарко Зорич, Талғат Кусяпов, Дмитрий Шмидт, Алтынбек Сапаров, Магомед Джабраилов және Артем Дмитриев. Аталған футболшылардың бәрі клубта қазір жоқ.

Енді көкшеліктер бір ай ішінде ойыншылардың ақшасын төлеуге міндетті. Әйтпесе, клуб трансфер жасау құқығынан айырылады. Қарыздар толық өтелмейінше, Оқжетпес жаңа келгендерді тіркей алмайды.

Сондай ақ әр футболшы үшін 100 мың теңге айыппұл төлеуі мүмкін.