«Қайрат» футбол клубы мен Қырғызстан құрамасының жартылай қорғаушысы Гүлжігіт Алықұлов «Аптаның үздік футболшысы» номинациясына үміткерлер тізімінде енді, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Азия футбол конфедерациясының сайты (The-afc.com) мәлімдеді. Дауыс беру 17 наурызда басталып, 21 наурызда аяқталады. Аптаның үздік ойыншысы атануға әртүрлі чемпионатта өнер көрсететін азиялық он ойыншы үміткер.

Гүлжігіт Алықұлов («Қайрат», Алматы, Қырғызстан) - 80 минут, 1 гол, 1 пас, пастың дәлдігі 84% (2:0 - «Жетісумен» ойында).