«Интер» футбол клубының негізгі қақпашысы Самир Ханданович коронавирус жұқтырды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы миландық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

36 жасар словениялық ойыншы үйде карантинде болады.

Айта кетейік, Ханданович биыл А сериясы аясында 10 ойында қақпасына гол жіберген жоқ.