Футболдан Армения құрамасының бас бапкері 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчтарына кімдерді шақырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шақырту алған футболшылар қатарында Қазақстан Премьер-лигасының төрт ойыншысы бар. Армения құрамасына «Қайрат» қорғаушысы Камо Оганесян, «Астана» қорғаушысы Вараздат Ароян мен жартылай қорғаушысы Тигран Барсегян, сондай-ақ, «Шахтер» жартылай қорғаушысы Соломон Удо бар.

Армения құрамасы ӘЧ-2022 іріктеу кезеңі аясында Лихтенштейн (25 наурыз), Исландия (28 наурыз) және Румыния (31 наурыз) командаларымен кездеседі.